00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада конькимен жүгіруден ел чемпионаты басталды

18.10.2023 | 16:00
78
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Бүгін Астанадағы Alau мұз сарайында жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info

Чемпионат 2023-2024 жылдар аралығындағы жарыс маусымына спортшыларды іріктеу турнирі саналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ересектер, халықаралық жарыстарға, әлем кубогының кезеңдеріне, сондай-ақ қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады. 

Чемпионаттың ашылу салтанатына Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаев қатысып, турнирге келген спортшыларды құттықтады, жарысты ұйымдастыруға атсалысқандарға алғыс білдірді. 

Чемпионатқа еліміздің 7 облысынан 183 спортшы қатысады: Абай, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, СҚО мен ШҚО және республикалық маңызы бар 2 қала Астана және Алматы.

Айта кетейік, қысқы Олимпиадада барлығы 114 медаль жиынтығы ойнатылады. Конькимен жүгірушілердің ұлттық федерациясына кіретін спорт түрлері шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және конькимен сырғанау спорты бойынша 28 медаль жиынтығы қарастырылған. 

Коньки жарысы қысқы спорттың басым түрлерінің бірі саналады. Сондықтан да біздің министрлік оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырумен, қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етумен, сондай-ақ Қазақстанда халықаралық және республикалық жарыстарды ұйымдастырумен және өткізумен белсенді айналысып келеді. Спортшыларымызға жарқын жеңістер тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Барлық жаңалықтар