00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада арбадағы теннистен ел біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

01.08.2023 | 05:30
40
Фото: ktf.kz

Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларынан 30-дан астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Бәсеке қорытындысында мына теннисшілер жүлдеге ілікті.

14-15 жас, қыздар:

1. София Степанова

2. Ақбота Рысбекова

3. Алтынай Қазбекова (бәрі де Астанадан).

14-15 жас, бозбалалар:

1. Иван Соловьев (Алматы)

2. Назар Трофимов (Шымкент)

3. Мадияр Байкенова (Ақтөбе).

16 жастан жоғарылар, ерлер:

1. Дастан Ниязов (Ақтөбе)

2. Қайнар Нұрлыбек

3. Дінмұхаммед Әлиакпаров (екеуі де Астанадан).

16 жастан жоғарылар, әйелдер:

1. Айшуақ Жетпісова (Қарағанды)

2. Айгүл Бердешева (Ақтөбе)

3. Айжан Бітімбаева (Қарағанды).

Жұптық бәсеке, әйелдер:

1. А.Жетпісова – А.Бітімбаева (Қарағанды)

2. С.Айдарханова (Астана) – А.Бердешева (Ақтөбе)

3. А.Асаубаева – А.Тұрсынова (Қарағанды).

Жұптық бәсеке, ерлер:

1. Ф.Старыгин – Е.Быков (Қарағанды)

2. А.Шонғарин – Д.Ниязов (Ақтөбе)

3. Д.Әлиакпаров – Қ.Нұрлыбек (Астана).

Қазақстан теннис федерациясы инклюзивтік даму департаментінің кураторы Сергей Селивановтың сөзінше, екінші рет ұйымдастырылған ел чемпионаты жақсы өтті. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ескерткіш және ақшалай сыйлықтармен, диплом, медальдармен марапатталды.

Арбадағы теннис Қазақстанда жақсы дамып келеді. 2027 жылға қарай спортшыларымыз Параазия, ал 2028 жылы Паралимпиадалық ойындарға қатысады деп сенемін, - деді ССеливанов.

Айта кетейік, біріншілік қорытындысы бойынша халықаралық турнирлерге қатысатын ұлттық құрама жасақталатын болады.

Барлық жаңалықтар