00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан Американы ойсырата жеңді

01.04.2023 | 01:05
Елорда ақпарат
47

Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матчын ойнады, деп хабарлады Elorda.info prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті.

А дивизионында Қазақстанмен бірге АҚШ-тан бөлек, Финляндия, Норвегия және Швеция ойнайды.

Бүгін Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, А дивизионындағы алғашқы екі команда турнир финалында өнер көрсетеді. Ал үшінші және төртінші орындар алған құрамалар қола үшін таласады.

Барлық жаңалықтар