00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада Қазақстан мен Дания матчына қосымша автобустар қатынайды

01.04.2023 | 00:47
Елорда ақпарат
39

Футболдан Қазақстан мен Дания матчынан кейін жанкүйерлер үшін қосымша автобустар қатынайды, деп хабарлады Elorda.info.

26 наурызда Қазақстан мен Дания құрамаларының футбол матчынан кейін жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін қосымша №10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді, – делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Матчтың басталуы – 19:00-де. Жол жүру құны – 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.

Барлық жаңалықтар