00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы болу мүмкіндігін бағалады

01.04.2023 | 00:01
Елорда ақпарат
30

AMC Fight Nights League президенті Камил Гаджиев Youtube-тегі Kamil Time арнасында қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Сөз жоқ. Қателеспесем, бұл оның он жетінші жеңісі және ол осы он жеті жеңісінің барлығын мерзімінен бұрын аяқтады. Ол UFC чемпиондық белдігі және UFC чемпиондық белдігімен байланысты талқыланатын тұлғалардың бірі екені сөзсіз. Оған чемпиондық атақ бұйыра ма, жоқ па? Бұл – ойланайтын жайт. Себебі бұл дивизион өте мықты. Онда Леон Эдвардс, Камару Усман, Колби Ковингтон, Хамзат Чимаев сияқты атақты жекпе-жек шеберлері бар. Олардың арасына Шавкат та қосылды. Егер Шавкат ауыр салмақта өнер көрсететін болса, оған титул үшін жекпе-жек баяғыда беріліп кетер еді деп ойлаймын. Бірақ мұнда бәрі біршама күрделірек. Сондықтан, қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жолдаймын – Дана Уайтқа пікірлеріңізді жолдаңыз! Өйткені Шавкат өте әдемі келе жатыр, әдемі көрінеді, жақсы сөйлейді. Жалпы, оның бойында чемпиондық белбеу үшін күреске қажеттінің бәрі бар. Бірақ, тағы да айтамын, мәселе ол сияқты мықтылардың тағы үш-төртеуі бар екендігінде. Олардың қайсысы мықты? Мен бұл Шавкат болады деп ойлаймын. Оны алдағы жылы білетін боламыз, - дейді Гаджиев.

Барлық жаңалықтар