00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қазақстандық каратэшілер Каирде 4 медаль жеңіп алды

31.03.2023 | 22:29
Елорда ақпарат
39

Мысыр астанасы Каирде WKF каратэден 1-Premier League-ның биылғы алғашқы бәсекесі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Онда әлем рейтингінде әр салмақтың үздік 30 спортшысы бақ сынады. Барлығы 61 елден 434 татами шебері жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 19 каратэшісі бар. Екі күнге созылған турнирде Ұлттық құрама спортшылары 4 жүлдеге қол жеткізді.

Кумите бағдарламасында 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Қайсар Алпысбай финалда жарыс қожайыны, мысырлық Мұхамед Габерді 3-1 есебімен ұтып, чемпион атанды. Осыған дейін Премьер-лиганың 2 дүркін жеңімпазы атанған Қайсар жартылай финалда әзірбайжандық Аминага Гулиевті 6-2 есебімен жеңді.

Ал әйелдер арасындағы кумитенің +68 кг салмағында бас жүлдені Токио Олимпиадасының қатысушысы отандасымыз Софья Берульцева мен жапон Аюми Уэкуса сарапқа салды. Тартысты өткен жекпе-жектің соңында Аюми жеңісті жұлып әкетті. Есеп: 7-1.

Айта кетейік, Софья жартылай финалда әлем чемпионы испан Мария Торресті 6-1 есебімен тізе бүктірген еді. Сондай-ақ Дидар Әмірәлі (-67 кг) мен Бейбарыс Жаңбыр (-75 кг) қола жүлдеге ие болды.

Барлық жаңалықтар