00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Астаналық спортшы Солт-Лейк-Ситиде күміс жүлдеге қол жеткізді

31.03.2023 | 19:52
Айман Нығмет
15

Бүгін Астана қаласының спортшысы Абзал Әжіғалиев АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Жерлесіміз шорт-трекші 500 метрге жарыста тек канадалық Максим Лауннан қалып кетті. Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ли Жун Со түйіндеді. 

Айта кетейік, Юта штатында Қазақстан толық құрамда сынға түсіп жатыр: Ерлер – Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Антон Хван; Әйелдер – Алина Әжғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Алена Волковицкая, Анастасия Астраханцева, Ольга Тихонова; 

Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев. Солт-Лейк-Ситидегі жарысты Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Youtube арнасынан тамашалай аласыздар. 

Канаданың Монреаль қаласында өткен алғашқы кезеңде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген. Қазір 5000 метрге жарыста әлем рейтингінде Ұлттық құрама 9-сатыда келе жатыр (12094 ұпай).

 

Барлық жаңалықтар