00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Әли Ахмедов GGG – Канело кешінде титулдық жекпе-жек өткізеді

25.02.2023 | 12:11
Елорда ақпарат
16

Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында жазды.

27 жастағы алматылық 2013 жылдың қаңтарында орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы болған америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) Солтүстік Американың WBA және IBО нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы титулы үшін жұдырықтасады.

Аталмыш жекпе-жекте Головкин жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Росадо бұған дейінгі екі жекпе-жегінде жеңілген. 2021 жылдың 13 қарашасында ол Хайме Мунгуиадан жеңілді.

Содан кейін Росадо екінші орта дивизионға көтеріліп, көпшіліктің шешімімен WBO Continental Americas титулы үшін айқаста америкалық Шейн Мослиден жеңілді.  

Барлық жаңалықтар