00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Елордада бокстан халықаралық турнир басталды

25.02.2023 | 09:54
Елорда ақпарат
35

Дүбірлі жарыста «Елорда кубогы» үшін барлығы 10 елден 250 спортшы бокстасады. Олардың арасында Куба, Өзбекстан, Үндістан, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері бар.

Турнирдің салтанатты ашылуына Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев және Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов және 1996 және 2000 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері елімізге белгілі қазақ боксшысы Болат Жұмаділов қатысып, турнирдің ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға жарқын сәттілік тіледі. 

Құрметті спортшылар және жарыс қонақтары Нұр-Сұлтанға қош келдіңіздер! Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан бокстан ерлер мен әйелдер арасында I халықаралық «Елорда кубогы» турнирінің ашылу салтанатымен құттықтаймын. Жарысты ұйымдастыруға атсалысқан Мәдениет және спорт министрлігіне және Бокс федерациясына алғысымызды білдіреміз. Бүгінгі жарыста өздеріңізге сәттілік, төрешілерге әділдік тілеймін. Ең мықтылар жеңіске жетсін! – деді Самат Жылқыбаев. 

Олар 25 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынайтын болады. Яғни әйелдер 12 салмақ дәрежесі (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг), ал ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг) сынға түседі. 

Дүбірлі доданың жартылай финалы 30 маусым 3 шілде аралығы, ал 4 шілде күні ақтық бәсеке мен турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтетін болады. 

Қазақстан құрамасы атынан 50-ге жуық былғары қолғап шеберлері шығады. Олар әлем, Азия және Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері. Турнир жеңімпаздары осы жылдың қазан айының соңында және қараша айының басында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсету құқығына ие болады.

Жалпы турнир 7 күн бойы өтеді. Жекпе-жек "Qazsport" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.

Барлық жаңалықтар