00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Тоқаев жартылай финалға шыққан Қазақстан құрамасын құттықтады

24.02.2023 | 15:06
Елорда ақпарат
41

Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!», – делінген онда.

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында ирандық футзалшылармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұдан бұрын әлем чемпионатының финалдық сатысында екі мәрте бақ сынаған еді. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Қазақстан 30 қыркүйекте Каунас қаласындағы «Жальгирис Аренада» Испанияны жолда қалдырған Португалиямен финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. Ал екінші жолдама иегері Бразилия мен қазіргі әлем чемпионы Аргентина арасындағы ойында анықталады.

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.

Барлық жаңалықтар