00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Урс Пилз: Хайуанаттарсыз цирктің сәні болмайды

14.08.2023 | 11:00
41
Фото: Monaco Info

ХIV халықаралық «Азия жаңғырығы» фестиваліне Монте-Карло халықаралық цирк фестивалінің вице-президенті қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты. Әлемдік деңгейдегі түрлі фестивальдер ұйымдастырылатын цирк өнерінің отанынан келген Урс Пилзден  Elorda.info тілшісі эксклюзив-сұхбат алып үлгерді. 

-Урс мырза, Қазақстанға қош келдіңіз! Орталық Азияда осы тектес дәстүрлі фестивальді өткізудің маңыздылығы неде деп ойлайсыз?

 Көп рахмет! Бұл  - менің Қазақстанға осымен төртінші рет келуім. Ал мұндай ауқымды өнер мерекесін өткізудің маңыздылығы – цирк сапасының жақсаруына үлес қосуында жатыр. Өйткені әлемде цирк те көп. Әртүрлі елдерде түрлі фестивальдер де ұйымдастырылып тұрады. Десе де, бүгінгідей шартараптан ең мықты деген әртістерді бір шоуда жинай білу – фестивальдің құндылығын арттыра түседі. Қазақстанда өтіп жатқан іс-шараның маңыздылығы да осында деп ойлаймын. 

адам.jpg

Фото: Сұлтан Сейітов

-Қазақстандағы цирк өнеріне қандай баға берер едіңіз?

Мен бұл туралы пікірімді конференцияда да айтқан едім. Қазақстандағы цирк өнерінің тарихы тереңде жатыр. Бірақ тарихтың бар екенін біліп қана қоюдан бөлек, бұл өнердің қазіргі дамуы маңыздырақ.  Ал, осы фестивальдің әлемдік деңгейде, жоғары дәрежеде өтіп жатқанына назар аударсақ, осы елде цирк өнерінің қарқынды өркендеп келе жатқанын аңғаруға болады. 

-Жалпы әлемдегі цирк өнеріндегі тенденцияларға тоқталсаңыз?

Меніңше, тың тенденция тек әртістердің сахнада өнер көрсетуінде ғана емес, олардың соны қалай жеткізуінде де байқалады.  Мәселен, соңғы жылдары сахнадағы қойылымдарды хореография, музыка, жарық арқылы түрлендіруге мол мүмкіндік бар. Бұл цирк өнеріндегі үлкен даму, алға ілгерілеу деп санаймын.  

туйе.jpg

-Сөзіңіз аузыңызда, Урс мырза, тенденция демекші, кейінгі кезде хайуанаттарды циркте пайдаланбауға қатысты гуманистік көзқарас бар емес пе?

Иә, бар. Дегенмен көрермен арасында хайуанаттарға деген сұраныс жоғары. Балалар және олардың ата-аналары күнделікті өмірде көре бермейтін жануарларды сахнадан көргісі келеді. Адамдар циркке келгенде, ең бірінші іздейтіні - клоундар мен хайуанаттар. Циркке келген көпшілік үшін бұл критерийлер ең маңызды болып саналады. Сондықтан маймыл, жолбарыс, аю, піл сияқты хайуанаттарсыз цирктің сәні болмайтыны шындық. Рас, әлемде аң-құстарды циркте көрсетілім үшін пайдалануға болмайтыны жайлы пікір бар, оны біз де білеміз. Ондай пікрдегі адамдар цирк аренасында хайуанаттардың өнер көрсетуі оларды, бір жағынан, қорлау деп санайды. Бірақ біз бұларды өз отбасымыздың мүшесіндей көреміз. Әрі көрсетілімнен кейін қалай баптап, бағуды да жақсы білеміз. Бір сөзбен, хайуанаттардың барлық жағдайын жасаймыз. 

 -Демек, хайуанаттарсыз цирк көп көрермен жинай алмайды ғой.

Жинауы мүмкін. Бірақ ол дәстүрлі цирк емес, бұл өнердің жаңа бір түрі болып саналар еді...

-Сұхбатыңызға көп рахмет!

Салтанат Мұратқызы

Алтын Райхан 

Барлық жаңалықтар