00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Танымал блогер Әсел Асқарды ұрып кетті

17.08.2023 | 04:30
61
Әлеуметтік желі: Әсел Асқар

Белгілі қазақстандық тележүргізуші және блогер өзінің фитнес-клубта өзін бөгде ер адам соққыға жыққаны   туралы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ол эмоцияға толы бейне хабарлама жазды. Әселдің айтуынша, қазір оған түрлі қоқан-лоққы көрсетілуде. Әсел Аскардың айтуынша зәбір көрсетуші грек-рим күресіның спортшысы көрінеді.

Мен медиалық тұлға ретінде бүгінгі күні қорлық сезімін бастан кешудемін. Мен аудандық полиция бөлімінде болдым, онда мобилографым екеуміз бірнеше сағат отырып, оқиғаның қалай болғаны туралы айтып, арыз жаздық, - деді Әсел өзінің instagram парақшасында.

Бұл жаға ұстатарлық жағдайға байланысты "НеМолчи.kz" қор басшысы Дина Таңсәрі пікір білдіріп, көпшіліктің мұндай заңсыздықтарға қарсы үндемей қалмауын сұрады. 

Блогер Әсел Асқарды спортшы ұрып-соқты, бұл кез келген әйелдің басында болуы мүмкін жағдай. Сондықтан біз Қазақстанның блогерлері мен медиа тұлғаларына жүгінеміз: зорлық-зомбылық туралы айтыңыз! Сіз ерсіз бе, әйелсіз бе, маңызды емес, кез келген адам агрессорлардың құрбаны бола алады! Бұл ұлттық трагедия, сыбайлас жемқорлық пен заңсыздық - біздің елімізді агрессия мен заңсыздық алаңына айналдырды! Бұдан кейін жағдай нашарлай беруі мүмкін! Үндемей қалмаңыз, айтыңыздар! - деп жазды Дина Таңсәрі. 

Барлық жаңалықтар