00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Әнші Зарина Омарова ерекше марапатқа ие болды

21.12.2023 | 05:00
59
Фото: Instagram/zarina_omarova_official

Белгілі әнші Зарина Омарова «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл қуанышты жаңалығын З. Омарова Instagram парақшасында жария етті. Ол көпшілік назарына марапаттау салтанатынан видео ұсынып, төсбелгісі мен құжатын көрсетті.

Өнер иесі қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атағына ие болған.

Маңызды марапат пен лайықты құрмет әрбір өнер адамын қанаттандырып, ерекше шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Дәл осындай шаттыққа толы сәтімді қымбатты оқырман өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім. Қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» төсбелгісін иелендім. Құттықтап қойсаңыздар, қуанып қаламын, - деп жазды әнші. 

Барлық жаңалықтар