00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Әнші Өмірқұл Айниязов зәулім үй салуға қанша қаржы жұмсағанын айтты

23.10.2023 | 05:00
58
Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov

Әнші Өмірқұл Айниязов үйінің құрылысына 200 мың доллар кеткенін айтты. Бұл туралы өнер иесі «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 "Үйге кіргенімізге 5 жылға жуық уақыт болды. Қазір қалаға қатынау қиын емес. Мен келген кезде бұл жерде адамдар оншақты жылдан бері тұрып жатыр екен. Осы жер телімі сатылмай қалыпты. Маған ұнағаны жолға жақын. Жігіттер жаңадан басталған, үй жоқ жерге салады ғой. Мен олай жасауға қорықтым. Халықтың арасында болған жақсы. Суы, газы үзілмейді. Үй үш қабатты, 300 шаршы метр. Ықшам әрі ыңғайлы. Әр қабат 100 шаршы метр", - деді Өмірқұл Айниязов. 

Сонымен қатар Өмірқұл Айниязов үйдің құрылысына 2-2,5 жыл уақыт кеткенін айтты. "Жарықты жақсы көремін. Үйдің дизайнын сызғанда терезелері көп болғанын қаладым. Үйдің құрылысына  2-2,5 жыл кетті. Есептегенде кеткен шығын жиһаздарымен, іші-сыртымен қосқанда 200 мың долларды жобалайды", - деді әнші. 

Айта кетейік, осыған дейін өнер иесі үйінің екі қабатында алты бөлме барын және бірінші қабатында асхана орналасқанын жеткізген болатын. 

Барлық жаңалықтар