00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Әнші Kalifarniya отбасылық өмірге үйрене алмай жүргенін айтты

06.11.2023 | 10:30
62
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Kalifarniya «Қызық Times» бағдарламасында отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтты. Бұған дейін көбіне достарымен уақыт өткізген әртіс бүгінде барынша үйде отбасымен болуға тырысатынын жеткізді, деп хабарлады Elorda.info

Kalifarniya шаңырақ көтергеннен кейін өмірінде бірқатар өзгеріс орын алғанын айтты. Әнші отбасылық өмірге әлі де үйренісе алмай жатқанын жасырмады. 

Үйренісе алмай жатырмын. Достарыммен бірге жүріп, екі-үш күндей үйге келмейтінмін ғой. Қазір 12-ге қарай үйге қайту керек. Концерт болғанда да үш-төрт күн үйде болмаймыз ғой. Қалада жүргенде төртте, бесте келсең, тыныш ұйықтамайсың. Түнімен сөйлейді. "Онсыз да концертке кетесің, қалада жүргенде үйде болмайсың ба?" деп айтады. Сол себепті, барынша үйдеміз. Үйленгенімізге бір айдан асты. Қазір үйде нан жемейміз. Әлемге шығуым үшін дене сымбатына да назар аудару керек екен, - деді ол. 

Оған қоса, шоу-бизнес өкілі келіншегі екеуінің қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді.

Біз дос болып алты айдай жүрдік. Сосын қыз бен жігіт болып жүріп бастағаннан кейін тура бір жылдан соң үйлену тойымыз болды. Жүріп жүргенімізді ешкімге айтқымыз келмеді. Біз өзі қалай жұп болып кеткенімізді байқамай қалдық. Негізі Tik-tok түсіріп жүргенбіз. Араласа келе алты айдан кейін "біз бір-бірімізге кімбіз?" деп сұрақ қойдым. Сосын сөйлесе келе, кездесіп бастадық, - деді әнші. 

Барлық жаңалықтар