00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Мен де шаршадым»: Аша Матай күйеуі туралы өз шындығын айтты

18.04.2023 | 21:30
56
фото: Instagram

«Қыздар-ай» бағдарламасында актриса әрі тележүргізуші Аша Матай тұңғыш қызын дүниеге әкелген соң күйзеліске түскенін жасырмады. Отандық әнші күйеуімен болған түсініспеушіліктер туралы айтты деп хабарлады Elorda.info.

Ал күйеуі Арманның ұсынысы жағдайды одан әрі ушықтырған.

Біздің бірінші баламыз дүниеге келді. Перзентханадан шығып үйге қайтып келгеннен кейін үшінші түні Арман маған: «Мен шаршадым. Ұйқым қанбады. Басқа бөлмеге барып ұйықтайыншы» деді. Сосын мен: «Айналайын, қайдағы басқа бөлме? Мен де кетіп қалайын онда, бала өзімен-өзі жата берсін. Бұл – екеуіміздің баламыз.  Екеуімізден басқа бұл бала ешкімге керек емес. Мен де шаршадым, менің де қашып кеткім келеді. Бірақ амал жоқ. Екеуіміз бірге қараймыз дедім, – деді отандық әнші.

Сондай-ақ, Аша Матай  «баланы тек анасы қарау керек, ер адам бөлек ұйықтайды» деген пікірге түбегейлі қарсы екенін айтты.

Барлық жаңалықтар