00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Марқұм композитор Арман Дүйсеновтың келіншегі халықтан қолдау сұрады

20.12.2023 | 05:00
57
фото: instagram.com/arman_duisenov_official/

Танымал композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың дүниеден өткеніне бір жылға жуық уақыт өтті. Осы орайда марқұм композитордың келіншегі оның әлеуметтік желідегі парқшасын қайта қолға алуды бастағысы келетінін айтты, деп хабарлады elorda.info

Ол жарының өнерін сыйлайтын халықтан қолдау білдіруін өтінді. Композитордың келіншегі бұл жазбасын марқұм күйеуінің Instagram парақшасында жариялады.

Оның жазуынша Арман Дүйсенов өмірден өткелі оның парақшасына ештеңе салынбаған. Алдағы уақытта осы олқылықтыі орнын толтыру үшін оның парақшасында көзі тірісінде жасаған бағдарламалары, жазған әндері мен композициялық шығармаларын жариялап отыратындығын айтты.   

Ардақты ағайын! Біздің әулетіміздің ғана емес, тұтас елдің сүйікті перзентіне айналған Арман Дүйсеновтей азаматтың дүниеден көшкеніне жылға толуға айналды. Осы бір жылдың біздің отбасымыз үшін қаншалықты мұңлы, қаншалықты ауыр болғанын айтып жеткізу қиын. Әкесін іздеген ұл-қызыңның жәудіреген жанарына шарасыз күйде қараудан ауыр не бар? Осы қайғыны жан-жүрегімен сезініп, біздің қайғымызды бөліскен қалың жұртқа Алла разы болсын! Мұндай сынақты енді ешкімнің басына бермесін. Арманның асыл бейнесі, аңқылдаған ақ жүрегі, әсем әндері талайдың жанын баурағаны сөзсіз, оны елдің іздейтіні де содан болса керек. Оның әлеуметтік желідегі парақшасын өшірмеуімізді, қайта оны тұрақты жүргізуімізді өтініп сұраушылардың да қарасы қалың. Арманның екінші өмірі жалғасқанын, оның елімен бірге жасағанын біз де қалаймыз. Сондықтан, Арманның әлеуметтік парақшасын қайта жаңғыртқанды жөн санадық. Мұнда Арманның әндері, композициялық шығармалары, жасаған бағдарламалары жарияланады. Бұл жұмыстарға сіздердің де көмектеріңіз тиеріне сенеміз. Осылайша Арманның асыл бейнесі бәрімізбен бірге жасайтын болады. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін", - деп жазды ол.  

Барлық жаңалықтар