00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Майра Мұхамедқызы: Театрдың айналасы алқаштардың ұясы болған

10.08.2023 | 09:00
43
Фото: Youtube/Dinara Satzhan

Опера әншісі Майра Мұхамедқызының Шымкенттегі опера және балет театрында директор қызметін атқарып жүргеніне үшінші жыл. Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында Астанадан Шымкентке қалай көшіп барғанын, алғаш барғанда мемлекетік ғимараттың қандай күйде болғанын айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

майра 1.jpg

Шымкентке көшуге отбасымнан рұқсат алдым. Қызымның бірінші сыныптан бастап өз ортасы, достары болды. Жолдасымның да өз ортасы бар. Маған осы ұсыныс түскен кезде, біз көлікте едік. Тұтқаны қойдым да, тып-тыныш болып қалдым. Жұбайым: "Кім хабарласты? Неге демің ішіңе түсіп, тып-тыныш болып қалдың?" - деді. Мен: "Білмеймін. Маған бір ұсыныс келді. Егер сендер қолдасаңдар, мен барамын, жұмыс істеймін. Ал қолдамасаңдар, осы өмірімізді жалғастырамыз", - дедім. Екеуі тынышталып қалды. Сосын күйеуім: "Ол қандай жұмыс?" - деді. Мен: "Қоныс аударамыз. Шымкент опера және балет театрының директоры болуға ұсыныс түсіп жатыр", - дедім. Қызым Аида мен күйеуім маған демеу беріп, барынша қолдау көрсетті”, – дейді Майра Мұхамедқызы.

Өнер иесінің айтуынша, алғаш келгенде театр адам көргісіз жағдайда болғанын жасырмады. Ол Шымкенттегі опера және балет театрын бастан-аяқ өзі қалпына келтірген.

Мен алғаш келген кезде театрдың айналасы алқаштардың ұясы болған. Бүкіл темір-терсек, декорацияның барлығын ұрлап, сатып, матрацтарда жататын. Қазір шүкір, тап-таза. Театрдың ішінен бастап, сыртына дейін тазаладық. Қалыпқа келтіру жұмыстары екі жылға созылды. Әжетханадан бастап, шатырына дейін жөндедік. Ғимарат қорқынышты болатын. Келген кезде біраз өкіндім. Негізі алдын ала келіп, театрды көріп, адамдармен сөйлесіп көруім керек еді. Мен бұл театрды Астана Опера мен Абай атындағы Опера және балет театры сияқты деп ойладым. Әбден келісімшартқа қол қойып болып, келгенде бәрі кеш болды. Менің жасаған ең үлкен қателігім осы болды, – дейді өнер иесі.

Барлық жаңалықтар