00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Әли Оқапов өзіне берілген «Құрмет» орденінен бас тартты

27.10.2023 | 10:59
40
Фото: aliokapov

Әли Окапов Instagram парақшасында өзінің  әншілік мансабы жолында ие болған барлық марапаттарынан бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әншінің бейнежазбасы оның "Құрмет" орденімен марапатталуына қатысты интернетте туындаған даулардан кейін пайда болды.

Әртіс өзінің жеке басына қатысты қызу пікірталастарды байқамағандай отыра берудің дұрыс емес екенін атап өтті.

Мен бұл мәселе төңірегіне көптің назары осыншама ауады деп ойламаппын. Бірақ мен ештеңені байқамаған сыңайлы немесе «маған бәрібір» деп отыра алмаймын. Бұл дұрыс емес. Сондықтан мен осы видео арқылы осыған дейін телеарна, радиолардан, қоғамдық ұйымдардан, жеке жобалардан, жалпы өмірімнің 32 жылында ие болған барлық музыкалық сыйлықтардан бас тарту туралы шешім қабылдағаным туралы хабарлағым келеді, − деді ол.

Алайда әртіс мұндай шешім қабылдау өзіне оңайға түсіп тұрмағанын айтты. Өйткені мемлекеттік марапаттарды қайтару - бұл ерекше рәсім. 

Марапаттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бар. Сондықтан мен заңды оқыдым, қайтару нормативтерін іздедім, бірақ ештеңе таппадым. Мұндай норма жоқ екен. Менің ойымша,бұған дейін ешкім марапаттарынан бас тартпаған сияқты. Сондықтан бұл марапаттардың тағдырын уәкілетті органдар шешеді.  Мен қажет нәрсенің бәрін жасауға дайынмын, - деді Әли Оқапов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Құрмет» орденімен марапатталғанын жазған едік. 

Барлық жаңалықтар