00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттың» жаңа жүргізушісін таныстырды

25.01.2024 | 05:00
62
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Белгілі телжүргізуші, продюсер, КТК теларнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының авторы Дина Төлептерген көпшілікке хабардың жаңа жүргізушісінің есімн жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Оның жазуынша жаңа жүргізуші ешқандай журналист немесе жұлдыз емес, жәй ғана заңгер азамат. Аты-жөні Бердімұрат Хасенұлы.

Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы - талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды!

Кезінде “поледегі” қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым - соған дәлел болса керек. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз.

Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының (узкий спецалист) жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға , отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін. Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың! - деп жазды Д. Төлепберген. 

Барлық жаңалықтар