00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Дариға Бадықова: Батыс – жабайы емес

01.02.2024 | 10:28
81
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Актриса Дариға Бадықова осыдан біраз уақыт бұрын тойға күзетшімен барып, желіде қызу талқыға түскен болатын. Өнер иесі Aq pen Qara бағдарламасында бұл әрекетінің себебін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Біз «Болдық, толдық. Ойбай, күзетші беріңдер» демедік. Біз ұжымдық кешке бардық. Бізге де ақша керек. Өнер арқылы ақша табуымыз керек. Дәрігер де, мұғалім де өз мамандығы арқылы ақша табады. Күзетшіні мейрамхананың иелері берді. Өйткені, ұжымдық кеш болып жатыр. Халық өзі жылына бір рет көңіл көтереді. Ондай кезде адам көп болады. «Қыспасын», «Біреудің зияны тиіп кетпесін» деп берді. Біз әртүрлі адамбыз. «Біреу бірнәрсе істеп кете ме?», «Тығып ала ма?» деп берілді. 

Мен «батысты жабайы» деп айта алмаймын. Фильм кассасының 70 пайызын батыс өңірі жинады. Өйткені, қазақи, жанашыр. Батыстың елі басқаша. Елге, жерге бөліну емес. Батыс өңірі ұлтшыл келеді. Ол суретке түсіп жатыр. Оны жабайы деуге болмайды. Ол - халықтың ықыласы. Қайта «Біздің елдің актерлері күзетшімен жүр» деп қуану керек. Голливудта «Күзетшімен жүреді екен» деп таңғалдық қой. Өзіміздің болып, толып жатқанымызға қуанбаймыз ба? Қазақ спорт пен өнерінен басқа несімен дәлелдейді? Әрбір өсіп келе жатқан жастар осындай болсын, - деді Дариға Бадықова. 

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың тойға күзетшімен шыққан видеосы тараған болатын. 

Барлық жаңалықтар