00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

«Құда түсіп жатыр»: Балжан Бидаш өміріндегі тосын жаңалықты айтты

05.02.2024 | 05:02
81

Музыкалық жобадағы әншінің жұбы – футболшы Ұлан Қонысбаев. 

25 жыл жасыл алаңда футбол ойнаған жігіт бірден үлкен сахнаға келіп, халықтың, камераның алдында жанды дауыста ән айтып, харизмасын көрсетіп, билеп, әнді абыроймен алып шықты. Сол үшін Ұланға рақмет! Жалпы «Егіз-лебіз» жобасындағы дуэтымыз, орындауымыз, образымыз, әніміз күтпеген жерден көрермен көзайымына айналды. Алдағы кезеңдерде дәл осылай шулап қолдасаңыздар шоу күте беріңіздер! Сонымен қатар, менің оқырманым Ұланға құда түсіп жатыр екен. Екеумізді қыз бен жігіт етіп, қосып қойыпты. Онсыз болмайды ғой енді. Сол үшін бізді жоба соңына дейін қолдаңыздар! – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушыларын жұптың сахналық образдары таңғалдырды. Бірі Балжанның дауыс ерекшелігін айтып, мақтап жатыр. 

«Балжанның қасында жүрген жігіт бірден әдемі болып кетеді», «Ұлан екеуі жарасатын секілді», «Жаханның іші күйіп жатқан шығар?! Өнеріңді тұншықтырып еді», «Біз сағынған дауыс осы. Сүйікті әншіміз сахнаға қайта оралды», – деп жазып жатыр әншінің тыңдарманы. 

Барлық жаңалықтар