00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Бармаған жерім жоқ»: Блогер Елдос «Колобок» неге әлі баласы жоқ екенін айтты

18.05.2023 | 17:00
53
фото: Instagram.com / eldos_kalabok

Бұл туралы көпшілікке «Колобок» деген лақап атпен танымал Елдос Кәдірханов Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты. Оның шаңырақ көтергеніне 10 жыл болыпты, деп хабарлады Elorda.info.

Ауырып операцияға түстім. Дәрігерлер: «Дер кезінде келіп үлгердің, болмаса өліп кетер едің» деді. Сөйтсем, шұғыл операция керек екен, ісікке айналу қауіпі бар болған. Ота жасалған соң дәрігерлер менде бедеуліктің белгілері барын, балалы бола алмауым мүмкін екенін айтты. «Отадан кейін тексеріліп көр, қалпыңа келген соң белгілі болады» деп сырқатым туралы бәрін біліп тұрса да, мені үміттендіріп шығарып салды. Ол кезде мен 21 жастамын, қазір 31-демін. Осы диагнозбен жүргеніме 10 жыл болды. Бармаған жерім жоқ, шетелге де бардым,- деді ол.

Блогер көпшіліктің оларды шетелде жүргендерін көріп, қыдырып жүр деп ойлайтынын айтты. Бірақ оның артында көз жастын тұрғанын білмейтінін атап өтті.

Қанша рет әйеліммен сөйлеспей қалған кездерім болғанын білмейді. Бір-бірімізге «ажырасайықшы, біз бірге тұра алмаймыз, отбасы бола алмаймыз» деп айтқан кездеріміз болады. Сол сәтте осындай сөздер айтылады, басыламыз, «ештеңе етпейді, бұдан да өтеміз» дейміз соңында,- деп Елдос «Колобок» көз жасына ерік беріп.

Блогердің айтуынша, келіншегі Таңшолпан болашақ күйеуінің сырқаты жайлы білген. Десе де блогер перзент сүюден үмітті және көп нәрседен бейхабар оқырманға да өз өтінішін айтты.

Өзім де үмітімді үзбеймін. Менің бар арманым – үйге кірген кезде баламның «папа» деп жүгіріп шыққаны. Маған ақша, дүние маңызды емес, ақшасыз да өмір сүргенмін. Оқырманнан сұрайтыным, әйелімді қаралай бермеңіздерші. Менің кінәлі екенімді білмейді, бірақ түрлі пікірлерімен шаршатты. Маған біреулердің аянышпен қарағанын қаламаймын, бірақ әйелімнің бұл жерде еш кәнісі жоқ екенін де айтқым келеді, – деді ол.

 

Барлық жаңалықтар