00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Аша Матай күйзелістен ауырып қалды

27.09.2023 | 05:00
54
Фото: asha_matai

Отандық тележүргізуші Аша Матай өзінің Instagram парақшасында үш ай күйзелісте болғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әнші әрі тележүргізуші қан қысымы көтеріліп жедел жәрдем шақыртқан. 

“Үш айлық күйзеліс пен бес күн қан қысымның көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Күш-қуатым әлсіреп, бірқатар анализ тапсырдым. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен сынбаймын. Сынуға құқым жоқ. Менің екі кішкентай балам бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек. Біздің денсаулығымыз бен балаларымыз – аманат”, – деп жазды Аша Матай.

Барлық жаңалықтар