00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Айжан Байзақова қай ұлттан екенін білу үшін тест тапсырды

15.12.2023 | 10:00
72
фото: youtube.com/@DinaraSatzhan

Блогер Айжан Байзақова қай ұлттан екенін білу үшін тест тапсырған. Ол өзінің Instagram парақшасының stories бөлімінде тест нәтижесімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Видеода блогердің тест нәтижесін көріп, таң қалғанын көруге болады. 

Мен бір ай бұрын қай ұлттан екенімді білу үшін тест тапсырдым. Өмір бойы өзімді қазақпын деп ойладым. Енді білетін боламыз.  Мен небәрі 13 пайыз қазақпын, - деді Айжан Байзақова.  

Бірақ мұндай нәтижеге қарамастан блогер өзің әлі де қазақпын деп санайтынын айтты. 

30 жыл өмір сүресің. Қазақпын деп ойлайсың. Сосын қай ұлттан екеніңді білу үшін тест тапсырасың да, біреудің құпия сақтағанын білесің... Шынымды айтсам, менің жан дүниемде ештеңе өзгермеді. Бұл қағаз ештеңені өзгертпеді. Мен қазақпын деп ойлаймын, - деді ол.

Барлық жаңалықтар