00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Жаным қалаған кезде...»: Танымал актриса күйеуі жайлы шындықты жайып салды (ВИДЕО)

01.04.2023 | 00:22
ҒаниАтымтай
33

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева отбасылық өмірі туралы айтып, жұбайы туралы бар шындықты жайып салды, деп жазады Elorda.info.

«1001 түн» бағдарламасында сұхбат берген актриса күйеуі үнемі қолдайтынын жеткізді.

Мен негізі әнді көп жазбаймын. Соңғы рет жолдасым қырық жасқа толғанына арнайы ән жаздым. Жаным қалаған кезде ғана жазамын. Ол кісі мен үшін осының бәрін жасап отыр. Менің «Жұлдызай» болып жарқырап жүргенім сол кісінің арқасы. Ол кісі «Шықпайсың, үйде отырасың. Кіріңді жу, тамақ дайын болсын» дейтін болса, мен қалай шығамын? Күнде үйде айқай-шу, ұрыс болып, жылап отырсам, қайдағы вайн түсіру? Вайн түгілі күйеуіңді таппай қаласың ғой. Сол үшін ең үлкен қолдау сол кісіден. Маған тосқауыл қоймайды. «Алға, Жұлдызай! Шаршағанша қолыңнан келген дүниені жасай бер. Тоқтама!» деді, - деп жан сырын ақтарды актриса.

Барлық жаңалықтар