00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Музыка харам ба, әлде халал ма?»: Мөлдір Әуелбекова өзін не мазалап жүргенін айтты (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:42
Елорда ақпарат
35

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында соңғы кезде өзін қандай сұрақ мазалап жүргенін айтты, деп жазады Elorda.info.

Осыған орай ол оқырмандарынан көмек сұрап, пікір жазуларын өтініпті.

Оқи отырыңыз: Нұрлан имамға пародия жасаған бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Адам баласы иманы күшейген сайын, ақыретін көбірек ойлап, сол тарапта көбірек амал жасауға тырысады. Соңғы кезде мені қатты толғандыратын мәселе: музыка - арам (харам) әлде, адал (халал)? Әсіресе, «қыз баланың дауысы әуретке жатады» дегенді де оқып, естуім бар... Мүмкін сол үшін де, қыз баласына дауыстап Құран, намаз оқуға рұқсат жоқ... Әнім харам болған жағдайда, Алла берген мына дауысты қайтейін??? Осы мәселе бойынша ойларыңызды бөліссеңіздер? Мүмкін Құран аятын мысалға келтіретіндеріңіз бар шығар, жазып өтіңіздер. Маған көмектеріңіз керек! - деп жазған әнші.

Барлық жаңалықтар