00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

«Мына жақын жерде»: Мәдина Сәдуақасова әбден масқара болды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 22:32
ҒаниАтымтай
39

Әнші Мәдина Сәдуақасова бағдарламалардың бірінде қонақта болып, көрермендер алдында әбден күлкіге қалды, деп жазады Elorda.info

Ол мектеп бағдарламасында бар оңай сұрақтарға жауап бере алмай, әбден састы. Бірде ақын Абайдың туған жылын есіне түсіре алмаса, енді бірде «Қазақстан жер көлемі жөнінен үшінші орында» деп салды.

Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап Жерде магниттік дауыл жүріп жатыр

«Ана деген атыңыз бар...»: Желі қолданушылары Мәдина Сәдуақасованы сынап тастады (ВИДЕО)

Бағдарламаны жүргізіп отырған Қайрат Әділгерей мұнымен тоқтамай, әншіге тағы бірнеше сұрақ қойды. «Абылай ханның бала кездегі аты кім?» деген сауалға Мәдина Сәдуақасова «Мансұр» деп жауап берсе, «Алтын адам алғаш табылған қала?» деген сұраққа «Мына жақын жерде» деп, айды аспанға шығарды. Тіпті әнші «Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?» деген сұраққа да ойланып қалады. 

Мұны көрген желі қолданушылары әдеттегідей пікірді қарша боратып, күлкіге қарық болып жатыр.

Барлық жаңалықтар