00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Жаман мақтаншақ екенсіңдер!»: Гүлзира Айдарбекова Дубайда демалып жүр (ВИДЕО)

31.03.2023 | 21:47
Елорда ақпарат
49

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Дубайда демалып жүргенін көрсететін видеолар жариялады, деп жазады Elorda.info.

Ол күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге яхтамен теңізде серуендеп жүр.

Нұрекең бүгін ерекше көңіл күй сыйлап, яхтыда жақсы демалыс болды. Бір есіктен кіріп, 2-ші есіктен шыққандай аз ғана өмірде бір-бірімізді бағалап, бақытты ғұмыр сүруді баршаңызға жазсын Алла! - деп жазған продюсер Instagram-парақшасында.

Айдарбекованың бұл видеосы біреуге ұнаса, енді біреулерге ұнамай қалған секілді. 

«Жаман мақтаншақ екенсіңдер. Ішкен-жегендерің кімге керек? Қазақ елінде бір мұқтаж жандарға іспен көмек бергендеріңді көрмедік, естімедік Алланың разылығы үшін», «Халықтың арқасында екенін ұмытпаңдар, шалқып жүргендерің», «Е, ақшаң болған соң қыдырып жүрсің ғой, ақшаң жоқ болса қыдыру ойламақ түгілі тамақты қалай алам деп ойлар едің, бәрін ақша шешеді ғой», «Керемет, еңбектің зейнеті осы, жұптарың жазылмай, ұлдардың жаксылығын көру деген осы, күшті», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Барлық жаңалықтар