00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Танымал актриса Жәния Джуринская оқырманын балағаттап жіберген (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:29
ҒаниАтымтай
50

Вьетнамда саяхаттап жүрген актриса Жәния Джуринская өзін айыптаған оқырманын балағаттап жіберген, деп жазады Elorda.info.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында хабарлады.

Оқырмандарының бірі актрисаны кішкентай қызын үйде қалдырып, демалысқа кеткенін әрі баласын емізбегенін сынға алған көрінеді.

Мен қазір ашулымын. Себебі, маған оқырманым қанша ауыр сөздер айтты. «Омырау сүтімен әдейі емізбедің» деп айыптады. Софиді Вьетнамға ала кетпегенім үшін менің аналық түйсігімнің жоқ екенін жазды. Ал мен оны балағаттадым. Өйткені маған олай айтуға ешкімнің құқығы жоқ, - деді Жәния Джуринская.

Оның айтуынша, қызы әлі кішкентай әрі ұзақ уақыт ұшақпен ұшу оған ауыр болады. 

Таиландқа саяхаттаған кезде Софи өте қатты шаршап, мазасызданды. Жеті сағат ұшақта ұшу оған ауырлық қылады екен. Қызым сәл өссе, саяхатқа өзіммен бірге алып шығамын. Сондай-ақ айта кетейін, бір кездегі мен секілді қызым да омыраудан өз еркімен бас тартты, - деді актриса.

Барлық жаңалықтар