00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Филипп Киркоров Алматыдағы концертінде көрерменді ұрып жіберген (ВИДЕО)

31.03.2023 | 20:01
Елорда ақпарат
51

Өткен демалыс күндері Ресей эстрадасының жұлдызы Филипп Кироков Алматыда жеке концертін өткізді. Аншлагпен өткен кеш әншінің ерекше образдарымен ғана емес, жағымсыз әрекеттерімен де есте қалған. Концерт барысында Киркоров гүл шоғымен көрермендердің бірін ұрып жіберді, деп хабарлады Elorda.info KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Әншінің Республика сарайының алдыңғы қатарында отырған көрермендердің бірін қолындағы гүл шоғымен ұрып жібергені туралы видео желіде жедел тарады. Көпшілік Киркоровтың бұл әрекетін қабылдай алмай, сыни пікірлерін жаудыруда. Кейін осы жағдайға қатысты танымал радиожүргізуші Малик Рузиев пікір білдірді.

Маликтің айтуынша, Филипп көрерменді өзіне жібермегені үшін менеджерлерінің бірін гүл шоғымен соғып жіберген.

Киркоровтың гүл шоғымен ұрып жібергеніне қатысты сұрақтар көп түсуде. Негізінде, ол көрерменді емес, өзінің ресейлік командасындағы менеджерлердің бірін гүл шоғымен соғып жіберді. Өйткені, күзетшілер де, менеджерлер де әншіге ешкімді жақындатпауға тырысқан болатын. Ал халыққа жақын болғысы келген Киркоров «Қойыңдаршы, жіберіңдер» деумен болды. Қанша айтса да, тыңдамаған соң, осындай қадамға барды. Ол бар болғаны өзіне сыйлық бергісі келген көрермендердің қолын қаққысы келмеді. Нағыз әртіс, - деді Рузиев желідегі парақшасында.

Барлық жаңалықтар