00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Өңшең бетімен кеткен»: Мұқасан Шахзадаев жас әншілерге шүйлікті

31.03.2023 | 19:50
Елорда ақпарат
42

«Нұр-Мұқасан» тобының экс-мүшесі Мұқасан Шахзадаев Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында өнердегі жас буын туралы пікір білдірді, деп жазады Elorda.info. 

Бағдарлама жүргізушісі әншіден «Сізден сөз тазалығы, тіл тазалығы туралы текке сұрап отырған жоқпыз. Сіз 2016 жылы халықаралық қазақ тілі қоғамының бірінші дәрежедегі қазақ тілі алтын медалімен марапатталғансыз. Жаңа айттыңыз, «Біз ағалардың алдынан өтетінбіз. Сөзді көрсетіп, әнді көрсететінбіз» дедіңіз. Ал сізді ағалап келетін жас бар ма? Тәлім сұрайтын, түзетуді сұрайтын жас бар ма? Әлде әрқайсысы жеке дара жұлдыз ба?» деп сұрайды.

Өз кезегінде Мұқасан Шахзадаев сахнада тілімізді қорлап жүрген жастардың ісіне қынжылатынын айтты.

Оқи отырыңыз: Актриса Ақбота Сейітмағамбет әже атанды

«Масқара»: Ерке Есмахан әннің сөзін ұмытып қалып, ұятқа қалды (ВИДЕО)

Енді баяғыда ауылда әжелеріміз бен аталарымыз «Өңшең бетімен кеткен» деп ұрысатын еді ғой. Қазіргі таңда жастарымыз шынымен бетімен кетті. Әрине, ол бәріміздің жүрегімізге батады. Тілімізді қалай болса солай бұрмалап жатқаны бар. Өнер адамы халықтың айнасы ғой. Соған қарап ұрпақ өседі, жастар өседі. Теледидардың ар жағында өнерге қызығып жүргеннің бәрі содан тәлім-тәрбие алады. Ондай жоқтың қасы, - деді ол.

Барлық жаңалықтар