00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Абай Бегей «Аспанға қараймын» әнін 30 мың теңгеге сатып алғанын айтты

31.03.2023 | 19:44
Елорда ақпарат
51

Әнші Абай Бегей «Мың бір түн» бағдарламасында «Аспанға қараймын» әнін 30 мың теңгеге сатып алғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

Ол бұл әнді орындаған соң, түскен табысына үй салып, кәсіп ашқан көрінеді.  

Әншінің айтуынша, бұл әнді сатып алуды әнші-композитор Ұлықпан Жолдасов ұсынған.

Студияға келіп, әнді тыңдадым. Ол кезде тойға барып, ән айтуды «халтура» дейтін. Көбі ондай әнді айтпайтын. Мен де көп айтпайтынмын. Сөйтіп, Ұлықпан аға «Әнді сен айтпасаң, «Каспий» тобы айтады» деді. Ойланып қалдым да, мен айтамын дедім. Әні мен сөзі Дәуір Сағындықов деген кісінікі. Осылайша, 30 мың теңгеге сатып алдық. Мұндай ақша менде жоқ, қаржыны Ақтаудағы Жаңабай деген кәсіпкер ағамыздан алдым. Ақшасын кейін қайтарып бердім, - деді әнші. 

Абай Бегей көлігін сатып, 30-ға жуық ән жазғанын тілге тиек етті. 

 

Барлық жаңалықтар