Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы, белгілі ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Оның ауруханада жатқаны туралы жыршы-термеші, айтыскер ақын Дидар Қами әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз. Сіздер де дұғаларыңызға қосып, ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен, - деп жазды Дидар Қами.
Жүрсін Ерманның денсаулығына қатысты пікір білдірген министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қазіргі сәтте ақынға тиісті ем-дом жасалып жатыр.
Жүрсін ағамыздың денсаулығы толық бақылауда, ауру асқынып, сепсиске айналыпты. Дәрігерлер қарап жатыр, тиісті ем жасалуда. Уақыт пен сабыр керек, - деді А. Ғиният.