00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жұлдыз Әбдікәрімова: махаббатты өзіңіз сыйлаңыз

31.03.2023 | 19:30
Елорда ақпарат
30

Танымал актриса және тележүргізушісі Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарымен ой бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына түрлі сынақтарды еңсерудің жолын жазды. Сондай-ақ керегіңізді өзгеден емес, өзіңізден іздеуге кеңес берді.

Тәңірдің бергені мен береріне көңіл тойдырып үйренсеңіз, жан тыныштығына кенелер едіңіз. Ести білген адамға тыныштықта да үн бар. Бүгінгі барыңызды қабылдаңыз: ол – Алланың мейірімі. Ол – Алланың бұйрығы. Оның сынағына сынып бара жатырмын деп шырылдағанда, оның бұйрығына қарсы шығып жатырмын деп ойлаңыз. Сынаққа сыну көптің қолынан келеді. Ал шыдау бірдің ғана... Мақсатсыз адамға жел қуалаған қаңбақ та жолсерік. Қайда бара жатқанын білмейді. Сондықтан керегіңізді өзгеден емес, өзіңізден іздеңіз! Махаббатты өзіңіз сыйлаңыз, - деді актриса.

 

Барлық жаңалықтар