00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Күртешем – 1,5 млн теңге»: Динара Сәтжан қымбат киімдерін көрсетіп мақтанды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 18:28
Елорда ақпарат
31

Танымал тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан қымбат киімдерді жақсы көретінін және брендтерден бас тартудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Киіп тұрған көйлегім — 500 мың теңге тұрады. Костюмнің бағасы — 400 мың. Ал италиялық брендтегі туфли — 300 мың теңге. Киім ілгіштегі ең қымбат киімім — күртеше. Оның бағасы — 1,5 миллион теңге, — дейді Динара Сәтжан.

Өзінің қаншаға киінетінін айтып мақтанған Динара Сәтжанның бұл әрекетін халық сынға алды. Олардың көпшілігі қымбат бағада киім алуға шамалары жоқ екендерін айтқан.

«Шешіп көрсетпей, айтса болмай ма екен?», «Осындайды қашан қоямыз?», «Мұның киімі кімге керек?», «Ақшаны қайдан алады», «Біздің киімдер 30 мыңның айналасында десек, күлетін шығар», — дейді желіде пікір жазған оқырмандар.

Барлық жаңалықтар