00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Одан кейін күйеуіңе сенбейсің...»: Дариға Бадықова жан сырын жайып салды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 18:25
Елорда ақпарат
44

Танымал актриса Дариға Бадықова отағасымен бірге «Күйеубала» телехикаясына түскендегі сезімі қандай болғанын «Таңшолпан» бағдарламасында айтты, деп жазады Elorda.info.

«Күйеубала» телехикаясында өз рөліме, Рабиғаға риза болдым. Эмоциялық сезімдері бар, бірақ санасы басқаша ойлайды. Образдардан шығып кетеміз. Бірақ бір үйден екі адам бір түсірілімде жүруі қиын екен. Одан кейін бір терінің пұшпағын илеу де қиын. Одан кейін күйеуіңе сенбейсің, бұл шеберліктің кереметтілігі ғой. Мен ойнаған рөліне байланысты айтып отырмын. Рөлден тыс алсаң, үй қараусыз қалады, балалар бар. Сондай нәрсе қиындық туғызады екен. Мен негізі бақытты актрисамын. Күйеуім өзінің жолын берді көбіне. Ол кісі маған жол бермегенде, мен кино саласына келмейтін едім. Себебі мен бірнәрсе алдым ба, түбіне дейін жеткізетін адаммын. Күйеуім де актер ғой. Бірақ әрдайым жолды маған береді. Менің алғыстан басқа айтарым жоқ, - деді Дариға Бадықова.

Барлық жаңалықтар