00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Таразда концертке қатыспаған Қайрат Нұртас сол күні қаладағы тойда ән айтқан (ВИДЕО)

31.03.2023 | 17:59
ҒаниАтымтай
37

8 қазан күні тараздықтар Қала күнін атап өтті. Іс-шара аясында мерекелік концерт болды. Концертте Қайрат Нұртас ән салуы керек болған. Алайда ол іс-шараға кешігіп келген, деп жазады Elorda.info.

Әнші концертке неге қатыспаған түсіндірген еді, оны сынап тастағандар болды.

Ассалаумағалейкум, Тараз қаласы, қалайсыздар? Концертке кешігіп қалдық. Жол ғой, енді. Аман болыңыздар! - деді Қайрат Нұртас.

Бір қызығы, кейін әлеуметтік желіде әншінің сол күні Тараздағы тойда ән салып тұрған видеосы тарап кетті.

Қайрат концертке үлгермесе де, тойға үлгерді, - деп жазды Taraz_life парақшасы.

Бұған наразы болған жұрт әншінің бұл қылығына ашуланды. 

«Қызық, әрине, мерекеде халық үшін ән салуға үлгермеп еді, тойға үлгерді», «Қаншама адам жиналып еді, ұят болды бұл тірлігі», «Енді тегін кім концерт бергісі келеді, ал тойда ақша төленеді ғой», - деген сынды пікір жазғандардың қарасы көп.

 

Барлық жаңалықтар