00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

«Көтеріліп алған соң, менсінбей кетті»: Белгілі композитор Ернар Айдарға ренішін жеткізді (ВИДЕО)

25.02.2023 | 08:26
Елорда ақпарат
71

Халық та біледі, біздің арамызда бір 2-3 жылға созылған кішігірім жағдайлар болды. Өнер адамдарына бір зат ұнамай қалса, ренжіп шыға келеді. Түсініспеушілік болды. Маған бір нәрсе жақпай қалды. Оған өкпем болды. Сөзіне келіспей, ренжіп қалған сәттер де болды. Қаншама жылдан бері ол хабарласпай қойды. Басқа да шәкірттерім  бар. Кейде жететін жерге жетіп алып, адам танымай кетті ғой деген ойға қаламын. Ешкімге өкпе сақтамаймын. Бірақ, шын мәнінсінде ренжуге болмайды екен. Оларға да мүмкіндік беру керек. Бұл өмірде сәлеміміз түзу болғанына, амандық сұрасып тұрғанға, сыйластыққа не жетсін?! Өзімнің ұстазым келген кезде қалай қарсы алатынымды әйелім де біледі. Мен негізі міндетті емеспін, бірақ өзімді міндеттеп қойдым. Бұл сыйластық қой. Себебі ол – менің көзімді ашқан адам. Осындай дәрежеге жетуіме себепкер болды. Мен оны сыйлай білуім керек. Дәл осылай шәкірттерім де мені сыйлай білсе, одан артық ештене керек жоқ. Олардың байлығы, ақшасы қажет емес. Тек сыйластығы керек. Бірақ Ернардың сыйластығына ешқандай әңгіме жоқ. Бұл – екеуімізге қатысты жағдай. Ернар өзінің кішілігін танытып кешірім сұрады. Ернарды ешқашан жамандамаймын, мен үшін ол –  бетке ұстар, үлкен үміт күтетін шәкірттерімнің бірі, - деді Қуаныш Құрманбаев. 

Барлық жаңалықтар