00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Димаш Құдайберген алысқа бара алмайды... – Бақыт Шадаева (ВИДЕО)

25.02.2023 | 04:45
ҒаниАтымтай
60

Ол бұл туралы ойын Elmedia Youtube-арнасына берген сұхбатында айтқан.

Оқи отырыңыз: Бақыт Шадаева үшінші күйеуі сотталып кеткенін айтты

”Өзін көрсетудің амалы”: Меруерт Түсіпбаева Шадаеваның сөзін жоққа шығарып, Димашты қолдады

Қазір мектепсіз әншілер өте көп. Аузын ашқанның бәрі әнші болып кетті. Үлкен деңгейге жеткен әншілердің өзінің школасы жоқ, білесіз бе? Димаштың өзінде де постановка жоқ. Оның Құдай берген, табиғат берген дауысы бар. Бәрі тамаша, бірақ оның мектебі жоқ, дауысы қойылмаған. Оның себептері білемін, өз көз алдымда өскен бала. Оған өмірге үлкен жолдаманы берген мен болатынмын. «Жас қанатқа» қатысып жатқан кезде «Ондай дауыстар кетсін, құрсын» деген Медеу сияқты әншілер көп болатын, мен сол кезде «Димаштан артық талантты көріп тұрған жоқпын» дедім. Ол расында да өте талантты жігіт. Бірақ Димаштың мектебі жоқ. Даусы қойылмаған адам алысқа бара алмайды деп қорқамын. Бірақ Құдай берген таланты бар. Дегенмен әрбір адамда мектеп болуы керек, білім болуы керек. Онсыз сіз алысқа бара алмайсыз... - деді Бақыт Шадаева.

Барлық жаңалықтар