00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қарызынан құтылған-ау»: Қуандық Рахымның концертінде бейтаныс әйел бидің түбін түсірді (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:37
Елорда ақпарат
37

Бұл туралы видео Instagram-парақшаларының бірінде пайда болды. Онда гүл шоғын ұстаған әйелдің сахнаға шығып, әртістің жанында тұрып билей жөнеледі. Мұны әншінің өзі де күтпегенге ұқсайды. Ол тыңдарманына таңдана қарайды да, әнін жалғастыра береді. 

«Жарайсыз, сахнаға шығып билеудің өзі батылдық қой», «Бұл нағыз бақытты кісі. Ешкімнен ұялмайды, жұрт не дейді деп алаңдамайды», «Сүйікті әншісінің концертінде билегенге не жетсін?», «Тамаша, керемет көңіл күй сыйладыңыз», «Осындай кісілерге қарап мәз боламын», «Қарыздарынан құтылған-ау, сол өлеңге отдуши биледі ғой», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

 

Барлық жаңалықтар