00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

«Қорқып кеттім»: Динара Қырықбаева өзін аңдып жүрген жігіт туралы айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 02:26
Елорда ақпарат
42

Сондай-ақ ол «Түнгі хабар» бағдарламасында 10 жыл бойы сахнадан көрінбей кеткенін, бар уақытын отбасы мен жеке жұмыстарына арнағанын жайып салды. Әншілікті хобби санайтын өнерпаз алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Мен бар уақытымды отбасыма арнадым. Бекер жүрген жоқпын. Үш бала тәрбиелеп отырмын. Жеке кәсіптерім бар. Аллаға шүкір. Мен өзімді әншімін деп есептемеймін. Әншілікті хобби секілді алып жүргенмін. Сондықтан өнерден кеттім. Блогерлікті қолға алдым. Бірақ жақында жаңа әндер жаздырсам ба деген жоспар бар, –деді әнші. 

Осы орайда Динара Қырықбаева өзін бақылап жүрген жігіт туралы айтты.

Бір күні таңертең жүгіріп келе жатсам, бір жігіт соңымнан қалмайды. Динара деп айқайлап, соңымнан ерді. Менімен таныспақ. Мені желі арқылы бақылап отырады екен. Солай қайда жүргенімді біліп алыпты. Кейіннен желіге бәрін көрсете бермейтін болдым. Қорқып қалдым, – деді ол. 

Барлық жаңалықтар