Жаңа Бюджет кодексінің жобасы көпшілік талқылауға шығарылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/vrv_33130952bf.jpg)
Еліміздің жаңа Бюджет кодексінің жобасы әзірленіп, көпшілік талқылау үшін «Ашық» НҚА порталында орналастырылды, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жарияланған жаңа Бюджет кодексінің жобасы мына міндеттері орындауға бағытталған:
1. Қолданыстағы бюджет заңнамасымен сабақтастық және нормалардың редакцияларын екіұшты түсіндіру мен жетілдіруді қоспағанда мазмұнның актамдылығын қамтамасыз ету;
2. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидатын күшейту;
3. Мемлекеттік қаржыны басқарудың негізгі құралдарын белгілеу бөлігінде кодексті реттеу өрісін кеңейту;
4. Бюджеттік процеске қатысушылардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, бюджеттік құжаттардың кезеңдері мен санын қысқарту жолымен бюджеттік процесті оңайлату;
5. Ұлттық қордың қаражатын тек сыни инфрақұрылым объектілеріне және жалпыхалықтық маңызы бар объектілерге пайдалануды шектеу;
6. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы ұсынымдарына сәйкес, Парламентке жарияланатын және ұсынылатын бюджеттік ақпараттың санын ұлғайту және сапасын көтеру арқылы транспаренттілікті, есептілікті және ашықтықты қамтамасыз ету.
Бюджет кодексінің жаңа редакциясы Қазақстанның неғұрлым тиімді және ашық бюджет жүйесін құруға, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға, бюджеттік процеске қатысушылардың өкілеттіктері мен жауапкершілігін нақтылауға және нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бюджеттік рәсімдерді ретке келтіруге, салынған бюджет қаражатынан нәтижелілікті арттыруға, бюджет саласында нақты мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау елдің тұрақты дамуын және оның қаржысының ұзақ мерзімді орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, - делініген құжатта.
Жобада көрсетілгендей, Бюджет кодексін қабылдау үшін республикалық бюджеттен қаражат талап етілмейді.
Жаңа кодекстегі өзгерістер туралы толық мәліметті мына сілтеме бойынша өтіп, көруге болады.
Құжат 31 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.
Еске сала кетсек, былтыр қыркүйекте жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеуді тапсырған болатын.
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды](/img/articles/d83bf79aeb114cae06b0a8fb9a19e4ef.jpg)
![Утиль алым болмаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы](/img/articles/bedd65691a35ca39b25398333cb3b4bd.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)