00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Утиль алым болмаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы

04.06.2024 | 20:14
Торғын Аман
172
Утилизациялық алымды алып тастаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы
Фото: primeminister.kz

Қазіргі таңда Қазақстанда 20 млн тұрғынға шаққанда 5 млн-нан астам автомобиль бар. Барлық кедергілерді, соның ішінде 3 жылдан асқан автомобильдерге тіркеу алымын алып тастау ескі машиналардың елімізге көптеп жеткізілуіне, экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеліп соғады. Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Адамдардан «Сіз осындай ескі көліктерден бөлінетін зиянды газбен демалғыңыз келе ме?» деп сұрау керек. Барлық пікір ескерілуі қажет. Сондай-ақ біздің зауыттарға барып, онда жұмыс істейтін адамдармен сөйлесуге кеңес берер едім. Кәсіпорындарда локализация өте жоғары, оның ішінде бұл ауылшаруашылық техникасына қатысты: барлық қондырмалар, тіркеме жабдықтары, кабиналар дәнекерлеу, бояу, кесу, иілдіру бойынша техникалық операциялар жүзеге асырылады. Біздің басты міндетіміз — локализацияны арттыруға ұмтылу. Үкіметтің қазіргі алға қойған мақсаты – елімізге мүмкіндігінше көп пайда әкелу үшін ілеспе өндірістерді құру. Өткен жылы отандық автоөндірушілер 142 мың автомобиль шығарды. Осы жаңа көліктерді сатып алғандар утилизациялық алым төлеген жоқ. Біз әрбір азамат өсу бенефициары болып табылатын өз өндірісіміз бен өнеркәсібіміздің дамуын ынталандырамыз», — деп атап өтті Роман Скляр.

Все новости