Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасы және негізін қалаушы Ю Вэйцзямен кездесуінде Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім болды. Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді, деп хабарлады Elorda.info.
Интеллектуалдық IT-шешімдерді енгізу, логистикалық үдерістерді толық автоматтандыруға және жеткізілімдердің кедендік сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында тараптар электронды сауда және онымен байланысты салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Арман Шаққалиев Қазақстандағы электрондық сауда нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қытайдың электронды сауда нарығы өзінің ауқымымен таң қалдырады, онда сатылымдардың 70%-дан астамы онлайн жүзеге асырылады. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуымен халықаралық электронды сауданың негізгі транзиттік аймағына айналуға ұмтылады. Қазпоштамен бірлескен Қазақстанда тарату орталығын құру жобасы трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді», – деді Қазақстанның сауда министрі.
YTO Express Co. басқарма төрағасы Ю Вэйцзя бұл жобаның бүкіл өңірді қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба екенін атап өтті. Компания бірқатар елде тағы 5 тарату орталығын салуды жоспарлап отыр.
«Өткен жылы біз Алматы әкімдігімен белсенді ынтымақтастықты бастадық. Бұл екі ел экономикасының дамуына жаңа серпін беретін ұзақ мерзімді жоба. Ынтымақтастық негізі үшін Қытайда Шанхай, Нанкин және Ухань қалаларында 3 бондтық қойма аштық. Бұл жоба бүкіл аймақты қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба. Осы тарату орталығынан басқа, біз АҚШ, Бразилия, Таиланд, Будапешт және Дубайда тағы 5 орталық салуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Ю Вэйцзя.
Қытай тарапы жобаны жақын арада іске асыруды көздеп отыр. Арман Шаққалиев Қазақстанның жоба аясында белсенді жұмысты жасауға дайын екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қоюға келісті.
Бұл жоба өңірде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам болады.
![](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)