00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Поиск

Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы

24.02.2023 | 14:49
Елорда ақпарат
436

Қазақстан сауда айналымының біраз бөлігін, яғни 59,7%-ын экспорт құрады. Жыл басынан бері Қазақстан ішкі нарыққа 32 млрд АҚШ долларының өнімін шығарды, бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 10,6%-ға артық.

Импорт көлемі 21,7 млрд АҚШ долларын құрады, былтырға қарағанда 3%-ға көбейген.

Қазақстанның ең көп сауда айналымы Ресеймен арада болған: жеті айда екі ел арасындағы сауда айналымы 12,7 млрд АҚШ долларына тең, былтырға қарағанда бұл көрсеткіш 26,7%-ға көп. Үздік үштіктің қатарына Қытай (9,8 млрд АҚШ доллары) мен Италия (4,8 млрд АҚШ доллары) да кіреді.

Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын ел Қытай болып шықты. Жыл басынан бері Қазақстан бұл елге 5,5 млрд АҚШ долларының тауарын жіберген, бұл былтырғы кезеңге қарағанда 5,6%-ға көп. Экспорттың тағы едәуір бөлігі Италия (4,4 млрд АҚШ доллары) мен Ресейдің (3,9 млрд АҚШ доллары) үлесіне тиеді.

Ал еліміз тауар импорттайтын елдер бойынша көш басында Ресей келеді, жыл басынан бері бұл елден 8,9 млрд АҚШ долларының тауары келген, бұл былтырға қарағанда 19,4%-ға көбірек. Үздік үштік ішінде Қытай (4,3 млрд АҚШ доллары) мен Германия (1 млрд АҚШ доллары) да бар.

Биыл ең негізгі экспорттық сала болып минералды өнім танылды: бұл ҚР экспорты көлемінің 66,7%-ын (21,4 млрд АҚШ доллары) құрайды. Соның ішінде 18,3 млрд АҚШ доллары сомасындағы экспорт отын-энергетика тауарларына тиесілі.

Экспорттық жеткізілімнің 18,7%-ы (6 млрд АҚШ доллары) металл мен одан жасалған бұйымдардың, 6,3%-ы (2 млрд АҚШ доллары) жануар және өсімдік текті өнімдердің үлесіне тиеді.

Ал елге ең көп импортталатын тауарлар (8,5 млрд АҚШ доллары) қатарына машиналар, құрал-жабдық, транспорт, аспаптар мен аппараттар жатады. Импортталатын тауарлардың тағы бір танымал санатына химия және оған қатысты өнеркәсіп өнімдері (3,7 млрд АҚШ доллары) мен жануар және өсімдік текті өнімдер (2,5 млрд АҚШ доллары) кіреді.

Все новости