Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды
![](/img/watch-gray.png)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
Премьер-Министр Олжас Бектенов халықаралық Société Générale банкінің Таяу Шығыс, Түркия/ТМД, Африка өңіріндегі басшысы Эмрик Арно және Орталық Азия елдері мен Кавказ өңіріндегі басшысы Тейба Гулиевамен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру аясында ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 1864 жылы құрылған Société Générale – 66 елде өкілдігі бар ең ірі халықаралық қаржы институттарының бірі. Қазақстан Үкіметі мен Банк арасындағы 30 жылғы ынтымақтастық барысында құны $17 млрд-тан асатын 30-дан астам бірлескен жоба іске асырылды.
Қазіргі уақытта бірқатар қазақстандық компаниялар Société Générale банкімен энергетикалық инфрақұрылым және қаржы нарығы саласындағы жобалар бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар экономиканың барлық салаларында орнықты дамуды интеграциялау мақсатында ESG (экологиялық орта, қоғамдық қызмет, корпоративтік басқару) бағыты бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз ету үшін халықаралық банктерді белсенді түрде тарту қажет. Бұл бағытта Үкімет өзара тиімді әріптестікке дайын және еліміз үшін маңызды жобаларды іске асыруға жәрдемдесетін болады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындау мақсатында елімізде экономикаға шетелдік көздерден, оның ішінде қаржы секторындағы бәсекелестікті арттыру үшін сенімді халықаралық банктерден қаржы тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар кешені іске асырылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты – экономиканы несиелендіруге белсенді қатыса алатын халықаралық нарықта жұмыс тәжірибесі бар банктерді Қазақстанға тарту.
![](/img/articles/5e1542a4603c22e4366a027b3a192f59.jpg)
![](/img/articles/36443860f8095316565087365aa31f61.jpg)
![](/img/articles/5c4d9a5d994a0ab1201f03abf11e97c3.jpg)
![](/img/articles/a83378a9ea36ebd9c9d387d9545c365b.jpg)
![Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталады](/img/articles/5e1542a4603c22e4366a027b3a192f59.jpg)
![Қазақстан мен Венесуэла туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/36443860f8095316565087365aa31f61.jpg)
![Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алатын болды](/img/articles/5c4d9a5d994a0ab1201f03abf11e97c3.jpg)
![Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті](/img/articles/a83378a9ea36ebd9c9d387d9545c365b.jpg)
![Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті](/img/articles/3cf8bce354e8db12e6a654e7096122db.jpg)
![«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)