00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды

01.07.2024 | 21:02
Торғын Аман
90
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бас Прокурор іс-шараны аша отырып, прокурорлар өздерінің қадағалау функцияларын орындау кезінде Мемлекет басшысының барлық мемлекеттік аппарат үшін басты базалық бағдар ретінде көрсеткен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын қатаң ұстануға міндетті екенін атап өтті.

Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді.

«Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды», - деп көрсетті Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Все новости