00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат

19.06.2024 | 14:59
Олжас Сүлейменов
165
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Фото: дереккөз

Мәжілістің жалпы отырысында AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин отандық туризм саласындағы экономикалық мәселелерді көтерді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, соңғы төрт жылда экономика құрылымындағы туризмнің үлесі едәуір азайып, небәрі 3% пайызды құрап отыр. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен үш есе төмен.

«Жасыратыны жоқ, негізгі қолбайлау – мемлекет тарапынан туристік бизнесті оңтайлы қолдаулардың болмауы. Мысалы елімізде мал шаруашылығын, өңдіріс саласын қаржылай қолдайтын неше түрлі институттар мен бағдарламалар бар. Алайда туризм бизнесін дамытуға бағытталған нақты бір қаржы көзі жоқ, ал банктер бұл саланы қаржыландыруға құлықсыз. Сонымен қатар инфрақұрылымның жетіспеушілігі, яғни жөндеу көрмеген сапасыз жолдар мен көлік қатынасының қиындығы шалғайда орналасқан туристік орындарға жетуді өте қиындатып отыр. Ұшақтар бағасы да аспандап, қарапайым демалушыларға қолжетімсіз болып тұр. Сонымен бірге тартымды туристік пакеттер дайындап, оларды насихаттау жағы да кемшін. Сырттан келушілерді былай қойғанда, ішкі туризмнің де әлеуеті жеткілікті пайдаланылмай жатыр», - деді Мәжіліс депутаты.

Все новости