00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шетелдік бизнесмендер Қазақстан бюджетіне 4 млрд теңгеден астам қарыз – сенатор

21.04.2023 | 16:59
73
Фото: parlam.kz

Шетелдіктер Қазақстанда өз компанияларын тіркегеннен кейін біздің елден кетіп қалады, алайда құрылған фирмаларды жалған шот-фактуралар жазу, салық төлеуден жалтару және қаржыны көлеңкелі айналымға шығару үшін пайдаланады. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бизнес-иммигранттардың визасыз 198 компаниясында 4 млрд теңге берешегі бар. 1,5 мыңнан астам компания тіркеу орнында жоқ және 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді. Бұл толық дерек емес. Мемлекеттік кірістер органдары заңды тұлғаны құру кезінде заңнамалық бұзушылықтарға жол беруіне байланысты оны тарату жолымен талап қоюға құқылы. Заңды тұлғаны құрған шетелдіктің бизнес-иммигрант визасын алмауы осындай бұзушылықтың бірі болып табылады. Алайда, республикалық маңызы бар облыстар мен қалаларда белгіленген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуін тану шаралары жалпыға бірдей қолға алынбаған, - деді сенатор. 

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері шетелдіктердің бизнес-иммигрант визасы болмаса да, заңды тұлғаны тіркеуден өткізуді жалғастыру фактілері қиындық туғызып отыр. Оған салалық нормативтік актілерден бас тарту үшін негіздердің болмауы себеп болып отыр.

Қалыптасқан жағдай шетелдік азаматтардың күмәнді заңды тұлға құруына ықпал етеді, олар кейіннен қаржысын көлеңкелі айналымға шығару схемаларында қолдануы әбден мүмкін. Осыған байланысты, бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуді, бүкіл ел бойынша бизнес-иммигранттардың тікелей қатысуымен салық төлемдері мен заңды қызмет жүргізу тұрғысында компаниялар мен фирмаларға аудиторлық тексерулер жүргізуді, сондай-ақ бизнес-иммигранттармен құқықтық қатынастарды реттеу тетігін жетілдіру жөнінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасауды ұсынамын, - деді А.Лукин.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости